Апрель 26, 2021

ЖШС-ның жалғыз қатысушысының ЖШС ашу туралы шешімі

«______» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

жалғыз қатысушысының

№ 1 шешімі

Нұр-Сұлтан қ.                                                                                                                                                                                                                          2021 жылғы __ ______

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы заңнамалық актілерін басшылыққа ала отырып,

құрылатын Серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың 100 % (жүз пайыз) үлесін иеленетін «______» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) жалғыз қатысушысы құқығында мынадай шешімдер қабылдаймын:

  1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында коммерциялық ұйым құрылсын.
  2. Серіктестіктің толық және қысқартылған фирмалық атаулары бекітілсін:

Серіктестіктің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «______» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

орыс тілінде: товарищество с ограниченной ответственностью «______»;

ағылшын тілінде: «______» limited liability partnership.

     Серіктестіктің қысқартылған атауы:

мемлекеттік тілде: «______» ЖШС;

орыс тілінде: ТОО «______»;

ағылшын тілінде: «______» LLP.

  1. Серіктестік орналасқан жердің мына мекенжайы бекітілсін:

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, __________.

  1. «______» ЖШС жарғылық капиталы _____ (___________) теңге мөлшерінде бекітілсін. Жарғылық капитал ақшалай қаражатпен енгізіледі.
  2. Екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жасалған «______» ЖШС жарғысы бекітілсін және қол қойылсын.
  3. Шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде «______» ЖШС-ін Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдансын.
  4. Серіктестіктің жалғыз қатысушысы – Тегі, Аты, Әкесінің аты, __.____.______ жылы туған, жеке куәлігі № _________, __.__.____ жылы ҚР ІІМ берген,
    ЖСН __________, Қазақстан Республикасының азаматы Серіктестіктің қызметіне байланысты қаржылық, төлем, банктік және өзге де құжаттарға бірінші қол қою құқығымен, сондай-ақ «______» ЖШС-нің есеп айырысу шотын ашу құқығымен
    «______» ЖШС директоры болып  тағайындалсын.

«______» ЖШС жалғыз қатысушысы                                                                                                                                                                                                           А. Тегі