Апрель 26, 2021

ЖШС-ның Жарғысы

Жалғыз қатысушының

2021 жылғы __ _______

№1 шешімімен

/ Қатысушылардың жалпы жиналысымен

БЕКІТІЛДІ

 

 

 

 

«_________________________»

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ

ЖАРҒЫСЫ

 

  

 

  

 

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан, 2021

 

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. _____________________________________________________________________ жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      (өтініште көрсетіледі)

      (бұдан әрі – «Серіктестік») Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша құрылған, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.

  1. Серіктестік Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.
  2. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға болатын өз мүлкі шегінде ғана жауапты болады. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушылардың (бұдан әрі – «Қатысушылар») міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
  3. Қатысушы (-лар) Серіктестік міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Серіктестік қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтермейді, оны өздері енгізген салымдар құнының шегінде ғана көтереді.
  4. Серіктестік мемлекеттік тіркелген кезден бастап заңды тұлға құқығына ие болады, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болауға және жүзеге асыруға, міндет атқаруға, сотта талап қоюшы және жауапкер болуға құқылы.
  5. Серіктестіктің мөрі, дербес балансы, банктерде шоттары, сондай-ақ өз атауы бар бланкілері болады.
  6. Серіктестік басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де құрылған өзге де заңды тұлғаларға қатысушы / акционер болуға құқылы.
  7. Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде заңды тұлғалар болып табылмайтын және олар туралы Ереженің негізінде Серіктестіктің атынан және оның тапсырмасы бойынша жұмыс жасайтын филиалдар (өкілдіктер) құруға құқылы.

2-тарау. Фирмалық атауы, орналасқан жері және мекенжайы

  1. Серіктестіктің фирмалық атауы: _______________________

           1) мемлекеттік тілде ___________________________________

           2) орыс тілінде ________________________________________

  1. Серіктестіктің орналасқан жері мен мекенжайы _______________________

      _______________________________________________________________

3-тарау. Қызметтің мақсаты мен нысанасы

  1. Серіктестік қызметінен таза табыс алу оның қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.
  2. Мыналар:

12.1. _________________;

12.2. _________________;

12.3. _________________ Серіктестік қызметінің нысанасы болып табылады.

  1. Егер осы Жарғының (бұдан әрі – «Жарғы») 12-тармағында баяндалған қызмет нысанасының қандай да бірі лицензияны және/немесе арнайы рұқсатты алдын ала алуды талап етсе, Серіктестік мұндай қызметпен тиісті лицензияны және / немесе арнайы рұқсатты алғаннан кейін ғана айналыса алады.
  2. Серіктестік заңнамалық актілерде және құрылтай шартында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыра алады.

4-тарау. Жарғылық капитал

 

  1. Жарғылық капиталдың (бұдан әрі – «Жарғылық капитал») мөлшері __________ (_________) теңгеге тең.
  2. Жарғылық капитал Қатысушылар айқындаған мерзімде төленуге тиіс.
  3. Жарғылық капиталға салымдар ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік болуы мүмкін.

5-тарау. Қатысушылар тізімі

  1. Атаулары, орналасқан жерлері, мекенжайлары, банктік деректемелері (егер құрылтайшы заңды тұлға болып табылса) немесе аты, тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген Серіктестікке қатысушылардың тізбесі (серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын серіктестікті қоспағанда):

      __________________________________________________________________________
                               (өтініште көрсетіледі)

6-тарау. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

  1.       Қатысушылар:

1) Серіктестік істерін басқаруға қатысуға;

2) Серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және оның бухгалтерлік және өзге құжаттамасымен танысуға;

3) Серіктестік қызметінен табыс алуға, таза табысты бөлуге қатысуға;

4) Серіктестік таратылған жағдайда оның мүлкінің кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған Серіктестік мүлкіндегі өз үлесіне сәйкес келетін бөлігін немесе оның құнын алуға;

5) өз үлесін иеліктен шығару жолымен Серіктестікке қатысуды тоқтатуға;

6) Серіктестік органдарының Заңда және (немесе) Серіктестіктің Жарғысында көзделген құқықтарын бұзатын шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқылы.

  1. Қатысушылар:

1) құрылтай шартының талаптарын сақтауға;

2) Серіктестіктің жарғылық капиталына құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, мөлшерде және мерзімде салымдар салуға;

3) Серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

  1. Серіктестікке Қатысушылар құрылтай шартында және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да міндеттерді атқара алады.

7-тарау. Қатысушылардың үлесі

  1. Қатысушы Серіктестік мүлкіндегі өз үлесін немесе оның бір бөлігін өз қалауы бойынша бір немесе бірнеше Қатысушыға сатуға немесе өзгеше тәсілмен басқаға беруге құқылы. Осы мәмілелерді жасауға Серіктестіктің немесе басқа да Қатысушылардың келісімі талап етілмейді.
  2. Қатысушының өз үлесін (оның бір бөлігін) иеліктен айырып үшінші тұлғаларға беруіне және Қатысушының үшінші тұлға алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін үлесін кепілге беруіне басқа Қатысушылардың және Серіктестіктің өзінің келісуімен ғана жол беріледі.
  3. Жарғылық капиталдағы үлесті өткізу тәртібі

24.1. Қатысушылар Қатысушылардың бірі үлесін сатқан кезде оны немесе оның бір бөлігін сатып алуда үшінші тұлғалардың алдында артықшылық құқықты пайдаланады. Мұндай құқықты әрбір Қатысушы пайдалана алады.

24.2. Егер сатып алудағы артықшылық құқықты пайдалануды қалайтын Қатысушылар бірнешеу болса және Қатысушылардың өзге келісімінде өзгеше көзделмесе, үлесті (оның бір бөлігін) сатып алудағы артықшылық құқықты Қатысушылар Жарғылық капиталдағы өз үлестерінің мөлшеріне пропорционалды түрде жүзеге асырады.

24.3. Өз үлесін немесе оның бір бөлігін үшінші тұлғаға сатқысы келген Қатысушы өзінің ниеті туралы Серіктестіктің атқарушы органына сатудың болжамды бағасын көрсетіп, жазбаша хабарлауға міндетті.

24.4. Қатысушыдан үлесті сатуға ұсыну туралы хабарлама алған кезден бастап күнтізбелік жеті күн ішінде атқарушы орган бұл туралы барлық Қатысушыға хабарлайды. Сатып алуда артықшылық құқығын пайдалануды қалайтын Қатысушы сатуға ұсынылған үлесті толық немесе оның белгілі бір бөлігін сатып алу ниетін көрсетіп, бұл туралы Серіктестіктің атқарушы органын жеті күн мерзімде хабардар етуге тиіс.

24.5. Егер Қатысушылардың келіп түскен ұсыныстарының жиынтық шамасы сатылып отырған үлестің мөлшерінен аспаса, әрбір Қатысушы оның өзінің хабарламасында көрсеткен бөлігін сатып алады. Егер осылай иеліктен айыруға дейін Қатысушылардан қосымша ұсыныстар түспесе, үлестің қалған бөлігі иеліктен айырылып, үшінші тұлғаға берілуі мүмкін.

24.6. Егер Серіктестіктің атқарушы органына үлестің сатуға ұсынылғаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде оны немесе оның бір бөлігін Қатысушылар артықшылық құқықты жүзеге асыру тәртібімен сатып алмаса, үлесті сатуға ұсынған Қатысушы үлесті (үлестің сатып алынбаған бөлігін) хабарламада көрсетілген бағадан төмен болмайтын баға бойынша үшінші тұлғаға сатуға құқылы.

24.7. Үлес немесе оның бір бөлігі сатып алудағы артықшылық құқық бұзылып сатылған жағдайда кез келген Қатысушы сатып алушының құқықтары мен міндеттерін өзіне ауыстыруды 3 (үш) ай ішінде сот тәртібімен талап ете алады.

24.8. Иеліктен айрылған үлесті сатып алудағы артықшылық құқық үлесті сатудың кез келген әдісі кезінде, соның ішінде сауда-саттық кезінде жүзеге асырылады.

24.9. Үлесті сатып алудағы артықшылық құқықты басқаға беруге жол берілмейді.

24.10. Иеліктен айырылған үлесті немесе оның бір бөлігін Қатысушы (Қатысушылар) сатып алған жағдайда оның /олардың/ Жарғылық капиталдағы үлесі тиісінше ұлғаяды.

24.11. Осы тармақтың қағидалары үлес айырбас шарты бойынша иеліктен айырылған жағдайда да қолданылады.

24.12. Үлес немесе оның бір бөлігі үшінші тұлғаға сатылған кезде Қатысушылар сатып алудағы артықшылық құқықты пайдалануды қаламаған жағдайда, сатып алудағы артықшылық құқықты Серіктестіктің өзі пайдалана алады.

  1. Басқа қатысушылар Қатысушы үлесін сатып алудан бас тартқан кезде Серіктестіктің оны сатып алу және өткізу тәртібі:

25.1. Үлесті сату сатушыға байланысты емес мән-жайлар бойынша 17-тармақта көзделген тыйым салуды немесе шектеуді сақтай отырып мүмкін болмаған жағдайда, үлесін сатқысы келетін Қатысушы Серіктестікке осы үлесті сатып алуын талап ете отырып, жүгінуге құқылы.

25.2. Үлесті Серіктестік сатып алған жағдайда үлес бағасы тараптардың келісімінде, келісімге қол жетпеген жағдайда сот айқындайды.

25.3. Серіктестік осы Жарғының 18 – 20-тармақтарында көзделген тәртіппен Қатысушы үлесін сатып алған соң, сондай-ақ Серіктестік тараптардың келісімі бойынша Қатысушының үлесін сатып алған соң, Серіктестік басқа Қатысушыларға Жалпы жиналыстың шешімімен айқындалған баға бойынша осы үлесті сатып алуды ұсынуға міндетті.

25.4. Үлесті сатып алуға бірнеше Қатысушы ниет білдірген жағдайда үлес олардың арасында Жарғылық капиталдағы өз үлестерінің мөлшеріне пропорционалды бөлінеді. Қатысушы сатып алатын үлес мөлшері сатып алғанға дейін осы Қатысушыға тиесілі үлес мөлшеріне қосылады.  

25.5. Шығып кеткен Қатысушыдан Серіктестік сатып алған үлесті Қатысушылар сатып алғысы келмеген жағдайда үлес Жарғылық капиталды тиісінше азайту және Жарғылық капиталдағы үлестерін қайта есептеу арқылы өтеледі.

25.6. Серіктестік Жалпы жиналыстың шешімі бойынша 19.5-тармақта көзделген үлесті өтеудің орнына бұл үлесті Серіктестік атынан үшінші тұлғаға сатуға құқылы.

25.7. Шығып кеткен Қатысушының Серіктестікке ауысқан үлесіне барлық жағдайда ол өтелгенге не басқа Қатысушыға немесе үшінші тұлғаға сатылғанға дейін дивидендтер есепке жазылмайды.

  1. Серіктестіктің Қатысушының үлесін мәжбүрлеп сатып алуы:

26.1. Серіктестікке Қатысушы Серіктестікке немесе оның Қатысушыларына зиян келтірген жағдайда олар зиян келтірушіден зиянды өтеуін талап етуге құқылы;

26.2. елеулі зиян келтірілген кезде Серіктестік зиянды өтеу туралы талаптан және зиян келтірген кінәлі Қатысушының үлесін Серіктестіктің мәжбүрлеп сатып алуы туралы мәселе қоюдан басқа, оның Қатысушылар қатарынан шығуын талап етуге де құқылы. Үлесті мәжбүрлеп сатып алу сот тәртібімен жүргізіледі.

  1. Серіктестікке Қатысушының үлесі оның мұрагерлеріне немесе құқықтық мирасқорларына ауысады. Үлестің мұрагерлерге / құқықтық мирасқорларға ауысуы және оны бірнеше мұрагерлер / құқықтық мирасқорлар арасында бөлу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүргізіледі.

 8-тарау. Серіктестік органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті

  1. Мыналар:

1) Серіктестіктің жоғары органы – оған Қатысушылардың жалпы жиналысы (жалпы жиналыс);

2) Серіктестіктің атқарушы органы (жеке-дара немесе алқалы) Серіктестік органдары болып табылады.

Серіктестіктің құрылтайшылары Серіктестіктің байқаушы (байқаушы кеңесін) және (немесе) бақылаушы (тексеру комиссиясын, тексерушіні) органдарын құру туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Бір Қатысушыдан тұратын Серіктестікте Қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жататын шешімдерді жалғыз Қатысушы жеке-дара қабылдайды және олар жазбаша ресімделеді.

  1. Серіктестікке Қатысушылардың жалпы жиналысының ерекше құзыретіне:

1) Серіктестіктің Жарғылық капиталы мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның Жарғысын өзгерту немесе Серіктестіктің жаңа редакциядағы Жарғысын бекіту;

2) Серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін немесе атқарушы органның жеке мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау;

3) Серіктестіктің бақылаушы кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушіні) сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Серіктестіктің тексеру комиссиясының (тексерушісінің) есептері мен қорытындыларын бекіту;

4) қаржылық есептілікті бекіту және таза табысты бөлу;

4-1) аудит жүргізу Заңның 59-бабына сәйкес міндетті болып табылатын, Серіктестіктің жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды айқындау;

5) оларды бекіту Серіктестіктің Жарғысында Серіктестіктің өзге органдарының құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа, Серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту;

6) Серіктестіктің өзге шаруашылық серіктестіктеріне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім шығару;

7) Серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім шығару;

8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;

9) Серіктестікке Қатысушыдан үлесті мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім шығару;

10) Серіктестіктің бүкіл мүлкін кепілге беру туралы шешім шығару;

11) Серіктестік мүлкіне қосымша жарналарын енгізу туралы шешім шығару;

12) Серіктестікке Қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға Серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін және мерзімдерін бекіту;

13) Серіктестікпен оның нәтижесінде Серіктестік құны Серіктестік активтерінің теңгерімдік құнының жалпы мөлшерінің елу бір және одан көп пайызын құрайтын мүлікті иеліктен шығаратын (иеліктен шығарылуы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында өзара байланысты мәмілелер жасасуды мақұлдау туралы шешім шығару жатады.

Осы тармақтың 1), 7), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша, сондай-ақ Жарғыда айқындалған басқа да мәселелер бойынша шешімдер Серіктестікке Қатысушылардың жиналысқа қатысып отырғандары мен оған өкілдік алғандар дауысының төрттен үш басым көпшілік даусымен қабылданады.

Осы тармақтың 9) тармақшасы бойынша шешім қабылданған кезде үлесі мәжбүрлеу тәртібімен сатып алынатын Қатысушы дауыс беруге қатыспайды және оған тиесілі дауыс саны есептеу кезінде ескерілмейді.

Қалған шешімдер Серіктестікке Қатысушылардың жалпы жиналысына қатысып отырғандар мен оған өкілдік алғандардың жай көпшілік даусымен қабылданады.

Жалпы жиналыс Серіктестік қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға алуға құқылы.

  1. Директор және (немесе) дирекция атқарушы орган болып табылады, олар Қатысушылардың жалпы жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.

Дирекция ________ мүшеден тұрады (өтініште көрсетіледі). Дирекцияның басшысы – директор.

  1. Дирекцияның құзыретіне жалпы жиналыстың құзыретіне жатпайтын Серіктестік қызметін қамтамасыз етудің барлық мәселесі жатады.

Серіктестіктің атқарушы органының құзыретіне жалпы жиналыстың ерекше құзыретіне жатпайтын, Заңға сәйкес атқарушы органға берілген оның өкілеттіктері де жатады.

  1. Серіктестік директорының өкілеттіктері:

1) Серіктестіктің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) Серіктестіктің өкілі болу құқығына сенімхаттар, соның ішінде қайта сенім арту құқығымен сенімхаттар береді;

3) Серіктестік жұмыскерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындау туралы, оларды басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекке ақы төлеу жүйелерін айқындайды, лауазымдық жалақы мен дербес үстемақылардың мөлшерін белгілейді, сыйақы беру мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;

4) Қатысушылардың жалпы жиналысының немесе байқаушы органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді, сондай-ақ оған Серіктестікке Қатысушылардың жалпы жиналысы берген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Серіктестіктің атқарушы органының қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін байқаушы кеңес құрылуы мүмкін.

Серіктестіктің байқаушы кеңесінің қызметі және оның шешімдер қабылдау тәртібі жалпы жиналыс қабылдаған қағидаларда және өзге де құжаттарда айқындалады.

  1. Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды және асыру үшін Серіктестікке Қатысушылар немесе олардың өкілдері арасынан тексеру комиссиясы құрылуы немесе тексеруші сайлануы мүмкін.

Серіктестіктің тексеру комиссиясын немесе жеке-дара тексерушісін жалпы жиналыс
5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге сайлайды.   

Серіктестіктің атқарушы органдарының мүшелері тексеру комиссиясының мүшелері бола алмайды.

Тексеру комиссиясының (тексерушінің) жұмыс тәртібі қағидаларда және ішкі қызметті реттейтін өзге де құжаттарда айқындалады.

 9-тарау. Таза табысты бөлу

  1. Серіктестікке Қатысушылар арасында Серіктестіктің бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша алған таза табысын бөлу Серіктестіктің тиісті жылдағы қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған Серіктестікке Қатысушылардың кезекті жалпы жиналысының шешіміне сәйкес жүргізіледі.

Жалпы жиналыс таза табысты немесе оның бір бөлігін Серіктестікке Қатысушылар арасында бөлуден алып тастау туралы шешім қабылдауға да құқылы.

  1. Егер Серіктестіктің жалпы жиналысы табысты Қатысушылар арасында бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда әрбір Қатысушы бөлінетін табыстың Серіктестік жарғылық капиталындағы өз үлесіне сәйкес бөлігін алуға құқылы. Төлемді Серіктестік жалпы жиналыс таза табысты бөлу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде ақшалай нысанда жасауға тиіс.

 10-тарау. Серіктестікке Қатысушыларға, үлестерді сатып алушыларға Серіктестіктің қызметі туралы ақпарат ұсыну тәртібі

  1. Серіктестік өз Қатысушыларының талап етуі бойынша Серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беруге міндетті. 
  2. Серіктестіктің атқарушы органы Серіктестіктің барлық қатысушысына:

1) сотта корпоративтік дау жөніндегі істің қозғалғаны туралы;

2) Серіктестікке Қатысушының амалсыз жағдайды шешудің кез келген тәртібіне бастамашылық жасағаны туралы ақпарат беруге міндетті.

  1. Атқарушы орган Қатысушылардың (Қатысушының) жазбаша сұрау салуына Қатысушылардың (Қатысушының) шешімінде белгіленген мерзімде Серіктестіктің қызметі туралы ақпарат ұсынады.
  2. Үлестерді сатып алушыларға Серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі мен көлемі Қатысушылардың (Қатысушының) шешімінде және үлестерді сатып алу туралы алдын ала шартта белгіленеді.
  3. Серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы: «____________».

11-тарау. Серіктестіктің еңбек ұжымы

  1. Серіктестік жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын барлық әлеуметтік-экономикалық құқықтардың берілуіне кепілдік береді. Әрбір жұмыскердің еңбек табысы ең төменгі мөлшермен шектелмейді және Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салынады.
  2. Серіктестік еңбекке ақы төлеу нысандары мен жүйесін дербес айқындайды, еңбек шарттарында тарифтік мөлшерлемелер мен айлықақылар мөлшерін көздейді, бұл ретте мемлекеттік тарифтерді тиісті біліктілігі бар жұмыскерлер мен мамандардың еңбегіне ақы төлеудің ең төменгі кепілі ретінде қарайды.
  3. Жұмыскерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырылуға тиіс.
  4. Серіктестік барлық жұмыс істейтіндер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті және олардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігіне келтірілген нұқсан үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

12-тарау. Серіктестіктің мүлкі

  1. Серіктестік өзіне Қатысушылар берген мүліктің (Жарғылық капиталға өздері енгізген салымдарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей), Серіктестіктің жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі нәтижесінде және Серіктестіктің шаруашылық қызметінің өзге де түрлерінен, сондай-ақ Серіктестік сатып алған кез келген басқа мүліктен немесе құқықтардан алынған Серіктестіктің өндірістік қызметінен түскен түсімдердің меншік иесі болып табылады.

13-тарау. Қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Серіктестік Қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін.
  2. Серіктестікті қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібі Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

14-тарау. Қорытынды ережелер

  1. Серіктестік өз қызметінде осы Жарғыны және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін басшылыққа алады.
  2. Серіктестіктің құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болады және оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Серіктестіктің айналысу үшін рұқсат алуы қажет болатын қызмет саласындағы құқық қабілеттілігі осындай рұқсатты алған кезден бастап пайда болады және ол алып қойылған, қолданыс мерзімі өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

15-тарау. Қатысушылардың Қолы

Қатысушылар үшін және атынан:

      

Қолы: __________________________

Т.А.Ә.:    __________________________