Апрель 26, 2021
Бухгалтермен еңбек шарты
№__________еңбек шарты
Нұр-Сұлтан қ. | 2021 жылғы «__» _______ |
[Жұмыс берушінің (заңды тұлға немесе жеке тұлғаның) толық атауы] ________________________, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және тіркелген (БСН / ЖСН)________________), Нұр-сұлтан қаласы, _____________ ауданы [тұрғылықты мекенжайы], бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын, Жарғы (Ереже) негізінде әрекет ететін Директоры атынан ____________ [Т.А.Ә.] бір тараптан және
Қазақстан Республикасының азаматы ________________ [Т.А.Ә.], жеке куәлігінің / паспортының № _____________, __.__.____ ҚР ІІМ / ӘМ берген,
ЖСН ___________________, бұдан әрі «Жұмыскер» деп аталатын екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталатын немесе жоғарыда көрсетілгендей,
осы № ______ еңбек шартын (бұдан әрі – Шарт) төмендегі талаптарда жасасты:
- Шарт нысаны
1.1. Жұмыс беруші Жұмыскерге бухгалтер лауазымындағы жұмысты ұсынады, оны орындау кезінде Жұмыскер лауазымдық міндеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындайды.
1.2. Еңбек міндеттерін орындау орны: Нұр-Сұлтан қаласы, ___________ ауданы [нақты мекенжайы].
1.3. Осы Шарт бойынша жұмыс Жұмыскер үшін негізгі жұмыс орны болып табылады.
1.4. Жұмыскердің еңбегі зиянды, қауіпті, ауыр жағдайлармен байланысты емес және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекті қорғау жөніндегі стандарттардың, қағидалар мен нормалардың белгіленген талаптарына сай келеді.
1.5. Қызметкер Жұмыс берушіге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабында және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де ережелерінде белгіленген еңбек шартын жасасуға тыйым салынбағанына және шектеулер қойылмағанына кепілдік береді.
2. Шарттың қолданыс мерзімі
2.1. Осы Шарт 2021 жылғы «____» _________________ бастап 20__ «____» _________________ аралығындағы мерзімге жасалды.
2.2. Жұмыскердің еңбек міндеттерін жүзеге асыруды бастаған күні: 2021 жылғы «____» _________________.
2.3. Қызметкердің өзіне тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында
2021 жылғы «___» __________ дейінгі (қоса алғанда) мерзімге сынақ мерзімі белгіленеді.
Сынақ мерзімінің қолданысы кезеңінде Жұмыскердің жұмысы теріс нәтиже берген кезде Жұмыс беруші Шартты бұзуға негіз болған себептерді көрсетіп, Жұмыскерді жазбаша нысанда хабардар ете отырып, Шартты бұзуға құқылы.
2.4. Шарт оған Тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді және__ (______) жыл бойы (шектеусіз мерзімге) қолданылады.
Шарттың мерзімі өткен кезде Тараптар оны белгіленбеген мерзімге немесе 1 (бір) жылдан кем емес белгілі бір мерзімге ұзартуға құқылы.
Шарттың қолданыс мерзімі өткен жағдайда, егер Тараптардың ешқайсысы соңғы жұмыс күні ішінде еңбек қатынастарын тоқтату туралы жазбаша хабардар етпесе, Еңбек кодексінің 51-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол бұрын жасалған нақ сол мерзімге ұзартылған болып есептеледі.
1 (бір) жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған Шарттың мерзімін ұзарту саны 2 (екі) реттен аспауға тиіс.
Еңбек қатынастары жалғасқан кезде Шарт белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.
3. Жұмыскердің құқықтары мен міндеттері
3.1. Жұмыскердің:
3.1.1. Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен және талаптарда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
3.1.2. Жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындауын талап етуге;
3.1.3. еңбек қауіпсіздігіне және еңбегінің қорғалуына;
3.1.4. еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және анық ақпарат алуға;
3.1.5. еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;
3.1.6. бос тұрып қалғаны үшін Еңбек кодексіне сәйкес ақы төленуіне;
3.1.7. демалуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына;
3.1.8. егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақ құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын қоса алғанда, өзінің еңбек құқықтарын білдіру және қорғау үшін бірігуге;
3.1.9. өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;
3.1.10. еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтеутуге;
3.1.11. міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;
3.1.12. еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға;
3.1.13. кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;
3.1.14. өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілмен қорғауға;
3.1.15. бірдей еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз тең ақы алуға;
3.1.16. жеке еңбек дауын шешу үшін Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен
реттілікпен келісу комиссиясына, сотқа жүгінуге;
3.1.17. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
3.1.18. Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілуге;
3.1.19. өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшының немесе Жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
3.1.20. еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын зерттеп қарауды жүргізу туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға;
3.1.21. Жұмыс берушінің еңбек және онымен тікелей байланысты қатынастар саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
3.1.22. біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;
3.1.23. Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге;
3.1.24. Жұмыс берушіде сақталатын дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге;
3.1.25. Жұмыс берушіден өзінің еңбек міндеттемелерін орындау үшін қажетті кез келген ақпаратты алуға;
3.1.26. Жұмыс беруші анық емес немесе толық емес ақпарат ұсынған жағдайда, қажетті ақпарат берілгенге дейін Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды тоқтата тұруға құқығы бар.
3.2. Жұмыскер:
3.2.1. еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;
3.2.2. еңбек тәртібін сақтауға;
3.2.3. бастапқы құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3.2.4. осы Шартқа қол қойылған кезге дейін жүргізілген бухгалтерлік құжаттаманы шарттық міндеттеріне бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу кіретін Жұмыс берушінің уәкілетті адамынан (еск. бухгалтерден / бухгалтердің м.а.) қабылдау-тапсыру актісі бойынша қабылдауға;
3.2.5. әр айдың «30-ыншы» күніне дейін Жұмыс берушіге ай сайын шығыс және кіріс сомалары бойынша жазбаша қаржылық есептер ұсынуға;
3.2.6. Жұмыс берушінің талап етуі бойынша материалдарды электрондық түрде магниттік немесе электрондық жеткізгіштерде, ал қажет болған кезде жазбаша материалдарды ұсынуға;
3.2.7. Жұмыс берушінің контрагенттерінің уәкілетті өкілдерімен бухгалтерлік құжаттама бөлігінде келіссөздер жүргізуге және іскерлік қатынасты қолдауға;
3.2.8. 1 (бір) жұмыс күні ішінде Жұмыс берушінің дереу орындауды талап ететін шұғыл тапсырмалары бойынша төлем шотын / төлем құжатын қалыптастыруға / төлемді енгізуге міндетті.
Жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау мерзімі мынадай тәртіппен: Жұмыскер тапсырманы жұмыс күнінің 1 (бірінші) жартысында алған жағдайда – қажетті тапсырманы сол жұмыс күнінің 2 (екінші) жартысы ішінде орындайтыны айқындалсын. Жұмыскер тапсырманы жұмыс күнінің 2 (екінші) жартысында алған жағдайда – келесі жұмыс күнінің 1 (бірінші) жартысы ішінде қажетті тапсырманы орындайтыны айқындалсын;
3.2.9. жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;
3.2.10. Жұмыс берушінің және Жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;
3.2.11. адамдардың өмірі мен денсаулығына, Жұмыс беруші мен Жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы Жұмыс берушіге хабарлауға;
3.2.12. еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
3.2.13. келтірілген нұқсанды Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде Жұмыс берушіге өтеуге міндетті.
4. Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері
4.1. Жұмыс берушінің:
4.1.1. жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
4.1.2. Жұмыскерлермен еңбек шарттарын Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
4.1.3. өз өкілеттігі шегінде Жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
4.1.4. өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге;
4.1.5. Жұмыскерлерден еңбек, ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртіптемесі қағидаларының және Жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
4.1.6. Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен Жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға, Жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тартуға;
4.1.7. еңбек міндеттерін атқару кезінде Жұмыскер келтірген залалды өтетуге;
4.1.8. еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
4.1.9. Жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге;
4.1.10. Еңбек кодексіне сәйкес Жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;
4.1.11. Еңбек кодексіне сәйкес Жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге;
4.1.12. жеке еңбек дауын қарау үшін Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен реттілікпен келісу комиссиясына, сотқа жүгінуге;
4.1.13. Жұмыскерден Жұмыскердің құзыретіне кіретін жұмыстардың орындалу барысы туралы мәліметтер алуға;
4.1.14. Жұмыскерден бухгалтерлік құжаттар, компанияның қаржылық жай-күйі туралы кез келген ақпаратты сұратуға құқығы бар.
4.2. Жұмыс беруші:
4.2.1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға;
4.2.2. жұмысқа қабылдау кезінде Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және талаптарда Жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
4.2.3. жұмысқа қабылдау кезінде Еңбек кодексінің 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;
4.2.4. Жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға;
4.2.5. Жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, Жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
4.2.6. Жұмыскерді еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, Жұмыс берушінің Жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
4.2.7. Жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға және Жұмыскерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және анық ақпарат беруге;
4.2.8. Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен ұжымдық келіссөздер жүргізуге, ұжымдық шарт жасасуға;
4.2.9. Жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларн қамтамасыз етуге;
4.2.10. Жұмыскерлерді жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
4.2.11. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге;
4.2.12. мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
4.2.13. егер жұмысты жалғастыру Жұмыскердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;
4.2.14. Жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;
4.2.15. Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
4.2.16. Жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге;
4.2.17. Жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге;
4.2.18. Жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;
4.2.19. жұмыс орындары мен технологиялық процестерде кәсіптік тәуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
4.2.20. жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір Жұмыскер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге;
4.2.21. Жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтеуге;
4.2.22. еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органның лауазымды адамдарын, Жұмыскерлердің өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, жағдайларының және еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;
4.2.23. Жұмыс беруші айқындайтын, он сегіз жастан кіші Жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған жылы, күні, айы көрсетілетін тізілімдердің немесе басқа да құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етуге;
4.2.24. Жұмыскердің дербес деректерін Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жинақтауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға;
4.2.25. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
5. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
5.1. Жұмыскерге күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы 8 (сегіз) сағатқа тең және қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 (қырық) сағатқа тең, 2 (екі) демалыс күні (сенбі, жексенбі) бар 5 (бес күндік) жұмыс аптасы белгіленеді.
Жұмыс режимі: сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) ұзақтығы 1 (бір) сағат түскі үзілісі бар сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін
(Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).
5.2. Жұмыскер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үстеме жұмысқа, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа тартылуы мүмкін.
5.3. Жұмыскерге лауазымы мен орташа жалақысы сақтала отырып, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы ұзақтығы: негізгі – күнтізбелік 24 (жиырма төрт) күнге (Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелерін есепке алмағанда), қосымша – күнтізбелік ___ (_________) күнге беріледі.
5.4. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы Жұмыскердің қалауы бойынша Жұмыс берушімен келісілген жағдайда ғана бөліп пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бөліктерінің бірі демалыс ұзақтығының күнтізбелік 2 (екі) аптасынан кем болмауға тиіс.
5.5. Жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын Жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін. Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі Шарт Тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады. Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, Жұмыскер мен Жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша Жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
5.6. Осы Шарт Тараптарының келісімі бойынша Жұмыс беруші:
1) неке тіркелгенде;
2) бала туылғанда;
3) жақын туыстары қайтыс болғанда Жұмыскердің хабарламасы негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
6. Еңбекке ақы төлеу.
6.1. Жұмыскерге ______ (___________) теңге мөлшерінде жалақы белгіленеді.
6.2. Үстеме жұмысқа ақы төлеу. Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа жоғарылатылған мөлшерде Жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді. Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қосымша ақы төлеу Жұмыскердің белгіленген күндік (сағаттық) мөлшерлемесінің 50% (елу пайызынан) төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі. Тараптардың келісімі бойынша үстеме жұмысқа үстеме жұмыстың 1 (бір) сағаты үшін тынығуға кемінде 1 (бір) сағат беру есебімен тынығу сағаттарын ұсынуға жол беріледі.
6.3. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу жоғарылатылған мөлшерде Жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.
6.4. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу. Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына жоғарылатылған мөлшерде Жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді.
6.5. Жұмыс берушіге және Жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде, ал Жұмыс берушінің кінәсінен болғанда — Жұмыскердің орташа жалақысының кемінде 50 % (елу пайызы) мөлшерінде белгіленеді.
6.6. Жұмыскерге жалақы айына 1 (бір) реттен сиретпей, есепті айдан кейінгі айдың ____ күнінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі. Осы кезеңге айқындалған жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын немесе еңбек міндеттерін орындаған Жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайды.
7. Кепілдіктер мен өтемақылар
7.1. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кепілдік және өтемақы төлемдері, әлеуметтік жәрдемақылар Жұмыскерге Қазақстан Республикасының заңнамасында, ұжымдық шартта, сондай-ақ осы Шартта белгіленген тәртіппен және мөлшерде жүргізіледі.
7.2. Осы Шарт бұзылған немесе тоқтатылған кезде Жұмыскерге пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшін жұмыс істеген уақытына пропорционалды мөлшерде өтемақы төленеді.
8. Еңбекті қорғау
8.1. Жұмыс беруші Жұмыскерге салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді.
8.2. Жұмыскер Жұмыс беруші өзіне берген талап етілетін жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын пайдалануға, Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес белгіленген мерзімдерде медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан, оқытудан, нұсқау беруден, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруден өтуге міндетті. Аталған талаптар орындалмаған кезде Жұмыскер жұмыстан шеттетілуге тиіс, шеттету кезеңінде оған жалақы төленбейді.
9. Шартты өзгерту, толықтыру және ұзарту тәртібі
9.1. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың келісімі бойынша енгізіледі және қосымша келісім нысанында жазбаша ресімделеді және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
9.2. Осы Шарттың талаптарын Тараптар біржақты тәртіппен өзгерте алмайды.
9.3. Осы Шарт Тараптардың келісімі бойынша бұрынғы немесе жаңа талаптарда ұзартылуы мүмкін.
10. Шартты тоқтату немесе бұзу
10.1. Осы Шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен тоқтатылуы немесе бұзылуы мүмкін.
10.2. Осы Шартты тоқтату немесе бұзу Жұмыс берушінің бұйрығымен ресімделеді.
11. Шарт тараптарының жауаптылығы
11.1. Жұмыскер осы Шарттың талаптарын орындамағаны үшін:
11.1.1. еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни Жұмыскердің кінәсінен өзіне жүктелген еңбек міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылықта болады;
11.1.2. Жұмыскер мен Жұмыс берушінің арасында толық материалдық жауаптылықты өзіне алу туралы жазбаша шарт жасалған жағдайларда Жұмыс берушіге өзінің кінәсінен келтірілген зиян үшін, Жұмыскерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда материалдық жауаптылықта болады.
11.2. Жұмыс беруші осы Шарттың талаптарын орындамағаны үшін
11.2.1. Жұмыскерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген нұқсан үшін, сондай-ақ оның кінәсінен Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына және оның мүлкіне келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен материалдық жауаптылықта болады;
11.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады.
12. Еңбек даулары
12.1. Жұмыскер мен Жұмыс берушінің арасындағы еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша, осы Шарттың талаптарын орындау туралы келіспеушіліктерді шарт Тараптары келіссөздер арқылы реттеуге тиіс. Реттелмеген еңбек даулары Тараптардың келісімінен келісу комиссиясында немесе сот тәртібімен қаралады.
13. Қосымша талаптар
13.1. Осы Шартта бекітілмеген Тараптардың кез келген құқықтары, міндеттері мен қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
13.2. Осы Шарт жасалғаннан кейін Жұмыс беруші Жұмыскерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады, ол оған қол қойғызып жеткізіледі.
13.3. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде 4 (төрт) данада жасалды, олардың әрқайсысының заңды күші бірдей, олар әр тілде 1 (бір) данадан Жұмыс берушінің персоналмен жұмыс жөніндегі бөліміне, 1 – Жұмыс берушінің бухгалтериясына, 1 – Жұмыскерге беріледі.
13.4. Жұмыс беруші мен Жұмыскер арасында туындайтын даулы мәселелер Тараптардың өзара келісуі бойынша сол туындаған кезде шешіледі. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулы мәселе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
14. Тараптардың қолы
Жұмыс беруші | Жұмыскер |
«______________________________________» ЖШС | Тегі, Аты, Әкесінің аты |
БСН: | ЖСН: |
Заңды мекенжайы: | Тіркелген мекенжайы: |
Нақты мекенжайы: | Тұрғылықты мекенжайы: |
Банк деректемелері: | |
«_______» АҚ | |
ЖСК: | |
БСК: | |
________________ Тегі А.Ә. | _______________ Тегі А.Ә. |
қолы | қолы |
М.О.